18.07.2008, 17:59 2678

2009 жылы Теңізшевройл Жылыой ауданын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге 2,5 - 3,5 млрд теңге бөледі

2009 жылы Теңізшевройл Жылыой ауданын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге 2,5 - 3,5 млрд теңге бөледі

Атырау. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылдан бастап "Игілік" қайырымдылық бағдарламасының аясында "Теңізшевройл" ЖШС бөліп отырған 2,5 - 3,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат Атырау облысының Жылыой ауданын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге жұмсалатын болады. Бұл туралы сәрсенбі күні интернет-мәслихат барысында Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Б. Рысқалиев хабарлағандай, жер қойнауын пайдаланушының Жылыой ауданының қажеттіліктеріне бөліп отырған қаражаты мәселесі Теңізшевройлмен бірлесе қабылданған шешім болып табылады. "Бірінші кезекте сумен жабдықтау және кәріз проблемасын шешіп алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта оның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалу үстінде", - деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны