26.05.2006, 11:57 3157

2009-жылы Қазақстанда білім беру саласына жұмсалатын мемлекеттік шығын көлемі екі есе артып, 540 млрд. теңгеге жетеді

АСТАНА. 26-мамыр. Kazakhstan Today. 2009-жылы Қазақстанда білім беру саласына жұмсалатын мемлекеттік шығын көлемі екі есе артып, 540 млрд. теңгеге жетеді. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттерінің алдында “Инновациялар мен білім арқылы білімдер экономикасына” деген тақырыпта дәріс оқу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Ағымдағы жылмен салыстырғанда 2009-жылы бұл саланы қаржыландыру көлемі екі есе артып, 540 млрд. теңгеге жетеді”,- деді Н.Назарбаев. Мемлекеттің білім беру саласына жұмсайтын шығындарының ауқымы Жалпы Ішкі өнімнің 4,1 процентінен кем түспеуге тиіс, деді президент.

“Біз жаңа ғасырдың талаптарына тез арада бейімделіп, жан-жақты бәсекелестікке дайын болуға тиіспіз”,- деді Н.Назарбаев. Президенттің пікірінше, кәсіби жоғары білікті әрі мобильді адами капитал мен үздіксіз қолданысқа енгізілетін инновациялар Қазақстанның шешуші бәсекелестік артықшылығына айналуға тиіс. “Осыған байланысты қазіргі заманғы білім мен озық ғылымды дамыту – маңызды басымдыққа айналып отыр”.

Н.Назарбаевтың айтуынша, “ұлттың қазіргі заманғы әрі тиімді білім беру жүйесін дамыта алу, оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалдық деңгейін көтеру қабілеті бәсекелестік қабілеттілік үшін аса маңызды мәселеге айналды”.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны