18.12.2008, 15:53 1631

200 млн адам өз үйінен басқа жерде тұрып жұмыс істеуде - БҰҰ жаңалықтар орталығы

200 млн адам өз үйінен басқа жерде тұрып жұмыс істеуде - БҰҰ жаңалықтар орталығы

Алматы. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі жағдаймен дүниежүзінде 200 млн адам өз үйінен басқа жерде тұрып жұмыс істеуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Мигранттар күніне арналған баспасөз мәслихатында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның айтқанындай, "мигранттар қазіргі әлемнің дамуына қомақты үлес қосуда. Бірақ соған қарамастан, олар алалаушылыққа, құлдық пен қатыгездік қатынасқа душар болуда".

БҰҰ басшысы халықаралық қоғамдастықты еңбеккер-мигранттардың құқығын қорғауға шақырды. Ол экономикалық дағдарыспен күресте миграция маңызды рөл атқаратын құралға айнала алатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны