20.12.2010, 17:33 3796

2010 жылы 164 теміржол вокзалы мемлекет меншігіне қайтарылды - Көлік министрлігі

2010 жылы 164 теміржол вокзалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - желтоқсан. Kazakhstan Today - 2010 жылы 164 теміржол вокзалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылы еліміздегі 164 теміржол вокзалдары жекеменшіктің иелігінен қайтарылып алынды. Оларға соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Мұндай вокзалдар тексеруден өтіп жатыр. Аталмыш нысандарды жаңғырту келесі жылдан бастап қолға алынбақшы",- деді И. Құсайнов.

"Ендігі кезекте жергілікті атқарушы органдардың балансындағы 94 вокзалды қайтарып алу бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр", - деп хабарлады И. Құсайынов. Оның айтуынша мұндай вокзалдар саны еліміз бойынша 94.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны