12.01.2012, 11:06 3761

2011 жылы 500 жуық адам өрт құрбаны болған

"2011 жылы болған өрт оқиғаларына жүргізілген талдауға сәйкес ел аумағында 15 мыңнан астам өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Өрт салдарынан мыңнан адам зардап шегіп, оның 488-іқаза тапқан. Соның ішінде 58-і балалар",- деп мәлім етті ресми өкіл.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - 2011 жылы 500 жуық адам өрт құрбаны болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова мәлім етті.

"2011 жылы болған өрт оқиғаларына жүргізілген талдауға сәйкес ел аумағында 15 мыңнан астам өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Өрт салдарынан мыңнан адам зардап шегіп, оның 488-іқаза тапқан. Соның ішінде 58-і балалар",- деп мәлім етті ресми өкіл.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде шамамен 2 мыңнан астам адамды құтқарды. Материалдық шығын 4 млрд. теңгеден асқан.

"Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрт саны 20,3 пайызға, материалдық шығын 6,1 пайызға, өрт кезінде қаза болған адамдар саны 7,6 пайызға, сондай-ақ жарақат алғандар 17,3 пайызға төмендеген",-деді Л. Шапошникова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны