13.03.2012, 10:16 3442

2011 жылы 5 мың ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының "Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау" бағыты бойынша былтыр 4 690 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - 2011 жылы 5 мың ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының "Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау" бағыты бойынша былтыр 4 690 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау" бағытының аясында 4690 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді",- делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, Бағдарламаға қатысушыларға шағын несие беруге 2011 жылы 3 569 млн. теңге бөлініп, ол қаржының барлығы микроқаржылық ұйымдарға жеткізілді.

"2011 жылы Бағдарламаның 1435 қатысушысы несие алды және олар алған шағын несиелердің орташа сомасы 1,8 млн. теңгені құрады",- делінген министрлік ақпаратында.

Шағын несиелер кәсіпкерлікті дамытудың басымдықты бағыттарында өз істерін ашуды жоспарлап отырған немесе өз шаруаларын жүргізіп жатқан қатысушыларға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны