20.12.2010, 17:28 4105

2011 жылы Астана - Бурабай автомагистралі ақылы болады - Көлік министрлігі

2011 жылы Астана - Бурабай автомагистралі ақылы болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - желтоқсан. Kazakhstan Today - 2011 жылы Астана - Бурабай автомагистралі ақылы болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Келесі жылдан бастап Астана - Бурабай автомагистралі ақылы болады, біз қазір тиісті нәсихаттау жұмыстарын жүргізудеміз",- деді И. Құсайынов.

Ол автобанындағы баға жеңіл көліктер үшін шақырымына 2 теңге, ал коммерциялық көліктерге шақырымына 15 теңге болып, оның ішінде автобустарға 5-тен 15 теңге аралығында ақы төлеуге тура келетіндігін айтып өтті.

"Ал осы автомагистраль бойында орналасқан елді мекеннің тұрғындары үшін онымен жүру тегін болады. Өйткені, оларға бір күннің ішінде осы жолмен бірнеше мәрте қатынауына тура келеді. Сондықтан жол бойы елді мекендерінің тұрғындарынан ақы алынбайды", - дейді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны