30.12.2011, 10:40 3580

2012 жылдан бастап Астана - Павлодар және Павлодар - Астана бағытында әуе рейстері ашылады

Жаңа жыл мерекесі күндері Астана- Павлодар-Астана және Алматы-Павлодар -Алматы рейстері ашылады. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев бейсенбі күні бірқатар маңызды мәселелерге арналған селекторлық кеңесте мәлім етті.

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2012 жылдан бастап Астана - Павлодар және Павлодар - Астана бағытында әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жаңа жыл мерекесі күндері Астана- Павлодар-Астана және Алматы-Павлодар -Алматы рейстері ашылады. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев бейсенбі күні бірқатар маңызды мәселелерге арналған селекторлық кеңесте мәлім етті.

"Павлодар облысы әкімдігінің өтінішіне байланысты жаңа жылдық мекере күндері Астана-Павлодар-Астана және Алматы-Павлодар-Алматы әуе рейстерін ашу туралы шешім қабылданды", - делінген ведомствоның ақпаратында.

Сондай-ақ, ауа райының жақсаруына байланысты Астана мен Алматыдан Ақтөбе бағытындағы әуе рейстері қайта жандандырылды.

Азаматтық авиация мәселесін қарау барысында Б.Камалиев әуе керосинімен тұраты түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аударды, делінген ақпаратта.

Селекторлық кеңестің отырысына облыс әкімдерінің орынбасарлары, көліктік бақылаудың аумақтық инспекцияларының, автокөлік жолдары комитеті департаменттерінің, "Қазавтодор" РМК филиалдарының, мердігерлік ұйымдардың, аймақтық әуежайлардың басшылары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны