20.01.2012, 11:42 3274

2012 жылдан бастап тегін дәрілер беретін дәріханалар желісі кеңейеді

"Халықты дәрі-дәрмектермен көбірек қамтамасыз ету, дәрілік амбулаториялар жүйесін жетілдіру аясында дәрігердің қағазымен тегін дәрілер беретін дәріхана ұйымдары кеңейтілуде".

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылдан бастап тегін дәрілер беретін дәріханалар желісі кеңейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "халықты дәрі-дәрмектермен көбірек қамтамасыз ету, дәрілік амбулаториялар жүйесін жетілдіру аясында дәрігердің қағазымен тегін дәрілер беретін дәріхана ұйымдары кеңейтілуде".

Азаматтарға ығайлы болуы үшін тегін дәрілер дәрігердің қағазы бойынша емханалар жанындағы дәріханаларда беріледі. Дәріханалары жоқ шалғай ауылдарда дәрілер ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельшерлік-акушерлік пункттердегі дәріхана нүктелерінде беріледі.

Фармацевтикалық білімі бар қызметкерлер болмаған жағдайда, дәрі-дәрмектерді аттестациядан өткен медицина қызметкерлері алғашқы медико- санитарлық көмек нысандары арқылы жүзеге асыра алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны