22.06.2012, 10:19 4303

2012 жылы 537 білім ошағына e-learning жүйесі енгізіледі

"E-learning" бағдарламасы электрондық оқыту форматында білім алу қағидасына негізделген жаңа білім моделі болып табылады. Былтыр бұл жүйеге ілкі режимде 44 білім ошағы қосылса, жаңа оқу жылында e-learning бағдарламасы еліміздің 537 оқу мекемесіне енгізілгелі отыр.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - 2012 жылы 537 білім ошағына e-learning жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"E-learning" бағдарламасы электрондық оқыту форматында білім алу қағидасына негізделген жаңа білім моделі болып табылады. Былтыр бұл жүйеге ілкі режимде 44 білім ошағы қосылса, жаңа оқу жылында e-learning бағдарламасы еліміздің 537 оқу мекемесіне енгізілгелі отыр.

Е-learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі 2010 жылдан бастап іске асырып келе жатқан Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Жаңа оқу жылында электрондық оқыту жүйесі 537 орта, техникалық және кәсіптік білім ошақтарына енгізіледі, соның арқасында білім мекемелері өткізу мүмкіндігі 4-10 Мбит/сек жылдамдықты құрайтын Интернет желісімен қамтамасыз етіледі.

"Орта білім беру жүйесінде e-learning жобасын дамыту нәтижелі жалғасуда, бұл жаңа модельге тағы 537 мекеме қосылғалы отыр. Илемдік тәжірибе мен ілкі жобаның нәтижесіне жүргізілген талдаулардың негізінде e-learning тұжырымдамасы әрі қарай жетілдірілуде. 2020 жылға бейін еліміздегі мектептердің 90 пайызы осынау жобамен қамтылатын болады",- деп атап көрсетті білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Парламент Мәжілісінде "Үкімет сағатында" сөйлеген сөзінде.

Жаңа жүйе енгізілетін мектептерде сымсыз Wi-Fi желісі жұмыс істейтін болады, заманауи дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, интерактивтік және мультимедиялық проекторлар, планшеттер мен классмейттер орнатылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 16 оқушыға 1 компьютерден келеді. Мектептердің 98 пайызы, оның ішінде ауыл мектептерінің 97 пайызы Интернетке қосылған, 43,1 пайызы кеңтармақты Интернетпен қамтылған. Оған қоса, 459 мектеп лингафон және мультимедиялық кабинеттермен жарақталған.

Электрондық жаңа жүйенің ерекшелігі сол, ол алыс ауылдардағы білім берудің сапасын арттыруға, қала мен ауылдағы білімнің деңгейін теңестіруге мүмкіндік береді.

Илемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, e-learning жүйесі білім беруді жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оңтүстік Кореяда, Финляндия мен Ирландияда электрондық оқытудың арнайы ұлттық бағдарламасы іске асырылады. Францияда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру үрдісінің барлық саласына, балабақшадан бастап ересектерді оқытуға дейін енгізілде. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия және Канада елдерінде электрондық оқыту жүйесі күнделікті тәжірибеге енгізгелі қашан.

Бұған дейін хабарлағандай, e-learning жүйесін әрі қарай ықпалдастыру үшін 5-11 сыныптарға арналған "Қазақстан тарихы" пәні бойынша қазақ және орыс тілдерінде 468 сандық білім ресурсы әзірленіп отыр. Оған қоса, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" АҚ-ында e-learning бағдарламасы бойынша орта мектептердің оқушылары мен мұғалімдері үшін онлайн-семинарлар мен сабақтар өткізілуде.

E-learning - бүгінде әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйелеріне екпінді енгізіліп отырған оқытудың ілгерінді әдісі. Электрондық оқытудың осынау ауқымды жобасын іске асыру Қазақстанның білім беру жүйесін әрі қарай дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны