05.05.2013, 15:50 3461

2012 жылы бортындағы 13 адаммен жоғалып кеткен Ан-2 ұшағын аңшылар тауып алды

2012 жылдың 11 маусымы күні Ан-2 ұшағы Свердлов облысына қарасты Серов қаласының әуежайынан еш рұқсатсыз белгісіз бағытқа ұшып шыққан. Бортында 13 адам болған әуе көлігі сол кеткеннен ғайып болған. 13 адамның ішінде Серов қаласы жол қозығалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының (ГИБДД) бастығы Дмитрий Ушаков та болған. Ресейліктер ұшақты жабыла іздегенімен бүгінге дейін еш дерек тапаған еді.

Астана. 5-мамыр. Kazakhstan Today - Ресейдің Свердлов облысында осыдан бір жыл бұрын жоғалып кеткен Ан-2 ұшағын уралдық аңшылар тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

2012 жылдың 11 маусымы күні Ан-2 ұшағы Свердлов облысына қарасты Серов қаласының әуежайынан еш рұқсатсыз белгісіз бағытқа ұшып шыққан. Бортында 13 адам болған әуе көлігі сол кеткеннен ғайып болған. 13 адамның ішінде Серов қаласы жол қозығалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының (ГИБДД) бастығы Дмитрий Ушаков та болған. Ресейліктер ұшақты жабыла іздегенімен бүгінге дейін еш дерек тапаған еді.

Ан-2 ұшып шыққан жерінен 8 шақырым жердегі батпақтан табылған.

Осыған орай, былтыр ұшақтың жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері әрі қарай жалғасатын болады, деп хабарлауда РФ тергеу комитеті.

Қ.Ахметов

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны