18.06.2012, 15:07 3109

2012 жылы ғылым саласына қарастырылған қаржы 80 пайызға ұлғайды

2012 жылы ғылыми жобаларды қаржыландыруға қарастырылған қаржы сомасы 48 млрд. теңгені құрайды, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - 2012 жылы ғылым саласына қарастырылған қаржы 80 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы ғылыми жобаларды қаржыландыруға қарастырылған қаржы сомасы 48 млрд. теңгені құрайды, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

"Елбасының қолдауымен ғылымға бөлінетін қаржы көлемі соңғы екі жылда барынша өсуде. Егер 2011 жылы бөлінген қаражат 26,8 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы 48 млрд. астам теңге қарастырылып отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 80 пайызға жоғары",- деді Б.Жұмағұлов өз сөзінде.

Ғылыми жобалардың гранттық және бағдарламалық-нысандық жүйелер бойынша қаржыландырылатыны белгілі. Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы 1174 ғылыми жобаны гранттық қаржыландыруға 14,7 млрд. теңге, ғылымды бағдарламалық-нысандық қаржыландыруға - 24,7 млрд. теңге, базалық қаржыландыруға - 8,6 млрд. теңге бөлініп отыр.

Министр сондай-ақ, ғылым саласындағы бүгінгі өзекті мәселелердің бірі өнеркәсіп үшін және жалпы экономика үшін инновацияларды дамыту болып табылатынын баса атап көрсетті.

"Коммерцияландыру кеңселерін дамыту мақсатында ғылыми-зерттеулер институттар мен жоғары оқу орындарының арасында инновациялар бойынша конкурс өткізіліп, соның нәтижесінде 7 ЖОО мен 2 ғылыми-зерттеу институты жеңімпаз деп анықталды. Ағымдағыжылы елімізде 9 ілкі коммерцияландыру кеңсесі ашылады", - деді министр өз сөзінде.

Шетелдік ғылыми-техникалық мәліметтер ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі ТМД аумағында бірінші болып біздің елімізде шешімін тауып отыр. "Біз Thomson Reuters (АҚШ) компаниясымен Ұлттық лицензияға отырдық, сондай-ақ Springer (Германия) компаниясымен және Elsevier (Нидерланды) жетекші ғылыми баспасымен келісім жасадық", - деді министр.

Қазақстанда қазіргі таңда "Ғылым туралы" Заңменен бекітілген ғылымды басқарудың жаңа моделі қолға алынып отыр. Бұл заң ғылыми салаға түбегейлі жүйелік өзгертулер енгізіп, ең алдымен әкімшілік және сараптамалық функциялардың аражігін ажыратып отыр. Бұдан былай, ғылыми жобаларды іске асыру жөніндегі шешімдерді ғылыми қоғамдастықтың өзі қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны