21.12.2012, 15:07 3391

2012 жылы ХҚКО халыққа 10 млн. астам қызмет көрсетті

Биылғы жылғы 1қаңтардан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) халыққа 10 млн. астам қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2012 жылы ХҚКО халыққа 10 млн. астам қызмет көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биылғы жылғы 1қаңтардан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) халыққа 10 млн. астам қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

"Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ХҚКО жұмысын үйлеструді бақылау жөніндегі комитеттің ақпарына қарағанда, үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін республиканың ХҚКО-да халыққа 10 млн. астам қызмет көрсетілген", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Халық арасында неғұрлым көп пайдаланылатын қызмет түрлері азаматтарды құжаттандыру және тіркеу, мекен-жай анықтамасын алу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық (ауыртпалық) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама, сондай-ақ азаматтардың сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы мәліметтер болып табылады.

Қазірде 249 ХҚКО жаңғыртылып, онда жаңа бизнес-үрдістер жүзеге асырылғанын, ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, кедергісіз қызмет көрсету, бірыңғай электронды кезек енгізілгенін, "электрондық үкімет" бұрыштары мен балалардың ойын алаңы (ХҚКО сыйымдылығына қарай) ұйымдастырылғанын атап өту қажет.

"Электрондық үкімет" арқылы осы жылдың 11 айы ішінде халыққа 9,6 млн. электрондық қызмет көрсетіліп, 1 млн. 258 мыңнан астам электрондық сандық қолтаңба берілді. 55 мыңнан астам азамат сандық қолтаңбаны жаңа үлгідегі жеке куәлікке жаздырып алды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған "Илеуметтік жаңғырту - Қазақстанды дамытудың басты бағыты" атты Жолдауын орындау мақсатында үстіміздегі жылы 80 рұқсаттама құжаты мен әлеуметтік маңызды қызмет түрлерінің 60% е-форматқа ауыстырылды.

Бүгінде білім беру саласы, медициналық қызмет көрстеу, автокөлік, жол және тасымалдау, өнеркәсіп және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары және тағы басқаларға қатысты рұқсаттамалардың тізілімі бекітілді. Оларды электронды форматқа ауыстыру осы жылдың соңына дейін іске асырылады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда барлық лицензиялар тек электрондық форматта беріледі. Қазір өтініш беруші лизенция алуға немесе лицензияға қосымша алуға өтінішті дәстүрлі тәсілмен тиісті мемлекеттік органдарға бару арқылы да, сонымен қатар өз бетінше - электрондық лицензияландырудың www.elicense.kz порталы арқылы да жүзеге асыра алады. Өтініш берудің қандай тәсілін қолданса да, лицензия өтініш берушіге тек электрондық форматта беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны