10.12.2007, 13:42 3674

2012 жылы мәдениет саласының қаржыландырылуын ЖӨІ 1% дейін ұлғайту керек - Ертісбаев

2012 жылы мәдениет саласының қаржыландырылуын ЖӨІ 1% дейін ұлғайту керек - Ертісбаев

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениеттің мемлекеттік қаржыландыру мөлшерін 2012 жылға дейін ЖІӨ 1% дейін ұлғайту керек. Мұндай пікірді бүгін үкімет сағаты кезінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шетелдік тәжірибені және саланы жаңарту жөніндегі жүйесінің нақты шараларды ескере отырып 2012 жылға дейін мәдениет, ақпарат және тілдерді дамытуға бөлінетін қаржы мөлшерін ЖІӨ 1% дейін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр. Бұл еліміздің бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекет қатарына енудің маңызды шарттарының бірі болып табылады", - деді Е. Ертісбаев.

Ол атап өткеніндей, 2007 жылы Қазақстанда мәдениетті дамытуға жұмсалытн шығындар ЖІӨ-нің 0,2% , ақпараттық кеңістікті дамытуға 0,1%, ал тіл саясатын жүргізуге 0,01% қаржы жұмсалады.

Оның айтуынша, "2007 жылы министрліктің бюджеті 2006 жылмен салыстырғанда 60% немесе 40,3 млрд теңгені құрады, ал 2008 жылы 50,6 млрд теңге бөлінді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны