03.02.2012, 13:21 4498

2012 жылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаппай жаңғырту қолға алынады

Оның айтуынша, 2012 жылдың негізгі міндеті ТжКБ жаңғырту жобасын нәтижелі жүзеге асыру, Ұлттылық біліктілік жүйесін құру болып табылады.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаппай жаңғырту қолға алынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Қадырбек Бөрібеков Pm.kz сайтына Берген арнайы сұхбатында мәлім етті.

Оның айтуынша, 2012 жылдың негізгі міндеті ТжКБ жаңғырту жобасын нәтижелі жүзеге асыру, Ұлттылық біліктілік жүйесін құру болып табылады.

"2012 жылдың негізгі міндеті Дүниежүзілік Банктен алынған займның есебінен ТжКБ жүйесін жаңғырту жобасын нәтижелі жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Ұлттық біліктілік жүйесін құру, сондай-ақ білім беру жүйесіне кәсіптік стандарттар енгізу болып табылады",- деді Қадырбек Бөрібеков.

Бұл процедураларға жұмыс берушілер, ҮЕҰ өкілдері және ұлттық біліктілік құрылымдарын жасауда тәжірибелері бар халықаралық сарапшылар тартылатын болады.

Айта кету керек, ағымдағы жылы ТжКБ оқу орындары туралы жаңа ереже қабылданады, себебі 2011 жылы "Білім беру туралы" Заңға аталмыш оқу мекемелерін бірыңғай типке - колледждерге ауыстыру туралы өзгерту енгізілді. Бұл процесс ағымдағы жылы қолға алынбақ.

Қ.Бөрібековтің айтуынша, ТжКБ ұйымдарында басқару жүйесін жаңғырту және жан басы бойынша қаржыландыру жүйесін Павлодар мен Ақмола облыстарындағы оқу орындарында ілкі режимде сынақтан өткізу қарастырылған.

Оған қоса,оқу мекемелерінің менеджерлері мен оқытушыларын дайындау және біліктілігін арттырудың көмегімен оқу орындарын қолдау және әр мамандық бойынша 350 мың доллар көлемінде 68 оқу мекемесіне грант беру түрінде материалдық-техникаларын базаларды жақсарту жөніндегі шаралар жоспарланып отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2011 жылы 896 бірлікті құрады, бір жылдың ішінде 14 оқу орнына көбейді. Онда 609 мың адам оқуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны