13.03.2012, 12:51 3506

2012 жылы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының 7 мың қатысушысы шағын несиелер алады

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша азаматтарға өз істерін ұйымдастыруға көмектесу, сол арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында ауыл кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі шаралар кешені қарастырылуда. 2012 жылы Бағдарламаның 7 мыңдай қатысушысы шағын несиелер алады деп жоспарлануда.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының 7 мың қатысушысы шағын несиелер алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша азаматтарға өз істерін ұйымдастыруға көмектесу, сол арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында ауыл кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі шаралар кешені қарастырылуда. 2012 жылы Бағдарламаның 7 мыңдай қатысушысы шағын несиелер алады деп жоспарлануда.

"Илеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев Жұмыспен қамту бағдарламасын кең ауқымда жүзеге асыруға бастау туралы міндет қойды.

"Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең ауқымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын. Иңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамтамасыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет", - деді Елбасы Н.И.Назарбаев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Бағдарламаның екінші бағыты - "Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау" бағыты бойынша ағымдағы жылы 6543 адам кәсіпкерлік негіздерін тегін оқып-үйренеді, ол үшін 343,4 млн. теңге қаржы қарастырылған. Және Бағдарламаның 6912 қатысушысы 9 535,4 млн. теңге соманың шағын несиелерін алатын болады.

Оған қоса, Бағдарламаның 1934 қатысушысының жобалары бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға 2 472,3 млн. теңге сома қарастырылып отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, бағдарламаның аталмыш бағыты бойынша тетіктерді әрі қарай жетілдіру жөніндегі бірқатар шаралар қабылданбақ. Атап айтқанда, шағын несиелерді тек ауыл тұрғындарына ғана емес, облыс орталығы емес қалалардың тұрғындарына да беру ұсынылуда. Ал облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында аталған қалалардың аумағына кіретін селолық елді-мекендердің тұрғындарын шағын несиелермен қамту жоспарлануда.

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын жетілдіру жөніндегі аталған шаралар ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыруға, олардың табыс деңгейлерін көтеруге, сондай-ақ қарқынды дамушы еңбек нарығын құруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны