12.12.2012, 12:38 4423

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемі 9% ұлғаяды

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар қарастырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана. желтоқсан. Kazakhstan Today - 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемі 9% ұлғаяды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар қарастырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Зейнетақы төлемдерінің тұтынушылық қабілетін сақтау үшін 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көлемін 9% ұлғайту жоспарлануда", - делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.

Зейнетақының ең төменгі мөлшері 17491 теңгеден 19066 теңгеге дейін көтеріледі, болжам бойынша зейнетақының орташа мөлшері 32928 теңгені, базалық зенйнетақыны есепке алғанда (9330 теңге) - 42258 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, қазіргі кезде ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңына Байқоңыр қаласы тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету, агенттердің (жұмыс берушілердің) бұрынғы жұмыскерлерінің міндетті зейнетақылық жарналары бойынша қарыздарын жабуы, сондай-ақ аннуитеттік сақтандыруды дамыту жөнінде өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Атап өту керек, қазіргі кезде 1,770 мың адам бірдей зейнетақы алады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық зейнеткерлердің зейнетақысы 9 % көтерілген. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 38660 теңгені құрайды.

Жалпы республика бойынша 11 жинақтаушы зейнетақы қоры белсенді жұмыс істейді, 8,4 млн жеке зейнетақылық есепшоттар тіркелген. 2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнетақы салымдарының көлемі 3 079 млрд теңгені құрап, елдің ішкі жалпы өнімінің 10% жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны