11.07.2013, 10:08 3204

2013 жылдың 1 маусымына Қазақстан халқының саны 17 млн 10 мың адамға жетті

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан халқының саны 100,8 мың адамға артып, 17 млн 10,6 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - 2013 жылдың 1 маусымына Қазақстан халқының саны 17 млн 10 мың адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан халқының саны 100,8 мың адамға артып, 17 млн 10,6 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

"2013 жылдың 1 маусымына халық саны 17 млн 10,6 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары - 9339,2 мың адам немесе 54,9%, ауыл тұрғындары - 7671,4 мың адам немесе 45,1%", - деді И.Смайылов.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтар-мамырынд халық саны жалпы еліміз бойынша 100,8 мың адамға артты, ал 2012 жылмен салыстырғанда 234 мың адамға артқан.

Бұдан өзге, статистика ведомствосының мәліметінше, осы кезең аралығында АХАТ органдары 159,3 мың тууды тіркеген, бұл өткен жылға қарағанда 0,3%-ға артық. Өлім-жітім саны 60,1 мың адамды құрады, немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,8%-ға аз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны