21.05.2013, 15:08 3011

2013 жылдың соңына дейін ауыл тұрғындарының 96,7% жуығы интернетке қол жеткізеді

"Қазақстанда қазір 3G, 4G сияқты және тағы басқа телекоммуникациялық сектордағы бар соңғы технологиялардың бәрі енгізілген. Астана мен Алматыда 4G жұмыс істеп тұр, осы жылдың соңына дейін бұл технологияны барлық облыс орталықтарында, ал 2018 жылдың соңына дейін барлың аудан орталықтарында ензіуді жоспарлап отырмыз. Ауылды жерлерге келетін болсақ, 2013 жылдың соңында ауыл тұрғындарының 96,7% интернетке қолжетімді болады",- деді Сәрсенов.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - 2013 жылдың соңына дейін ауыл тұрғындарының 96,7% жуығы интернетке қол жеткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов "АSTEX-2013" көрме-конференциясында мәлім етті.

"Қазақстанда қазір 3G, 4G сияқты және тағы басқа телекоммуникациялық сектордағы бар соңғы технологиялардың бәрі енгізілген. Астана мен Алматыда 4G жұмыс істеп тұр, осы жылдың соңына дейін бұл технологияны барлық облыс орталықтарында, ал 2018 жылдың соңына дейін барлың аудан орталықтарында ензіуді жоспарлап отырмыз. Ауылды жерлерге келетін болсақ, 2013 жылдың соңында ауыл тұрғындарының 96,7% интернетке қолжетімді болады",- деді Сәрсенов.

Сонымен қатар, ол интернетке қолжетімділікті ұйымдастыру шағын елді мекендерге есептелген арнайы бағдарлама көмектесетінін атап өтті.

"50-ден астам адам тұратын елді мекендерге интернет ұсынамыз, бұл тапсырма жылдың соңына дейін орындалады",- деп атап өтті ол.

Бұдан өзге, ауылдық жерде интернетке қосылу құны (EV-DO) 29,5%-ға төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны