13.06.2012, 14:23 3892

2013 жылға қарай Астана қаласының "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына қосылады

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" 2020 жылға қарай қазіргі орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік беретін жаңа білім беру стандарттарын енгізуде. Мысалы, 2013 жылға қарай Астана қаласының "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат ұйымының Дипломдық бағдарламасына қатысушы атанады.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - 2013 жылға қарай Астана қаласының "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" 2020 жылға қарай қазіргі орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік беретін жаңа білім беру стандарттарын енгізуде. Мысалы, 2013 жылға қарай Астана қаласының "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Халықаралық Бакалавриат ұйымының Дипломдық бағдарламасына қатысушы атанады.

Астана қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" университет алдындағы білім берудің әлемдік эталоны болып табылатын Халықаралық Бакалавриат Дипломдық бағдарламасына кандидат-мектеп болып табылады. Бұл мәртебе әртүрлі халықаралық қауымдастық мектептерінің білім беру элементтерін игерген әлемдік деңгейде білім беретін университеттерге түсу үшін бірегей курстардан өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Астана қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" мұғалімдері Халықаралық Бакалавриат сарапшыларымен бірлесе отырып, ұйым талаптарына сай келетін пәндер бойынша 25 оқу бағдарламасын әзірледі.

Жалпы алғанда, Халықаралық Бакалавриат инновациялық тілдік білім беру үлгісін енгізуге бағытталған, шетелдік және отандық ЖОО-ларға құжат тапсырған кезде қазақстандық оқушылар арасында бәсекелестік тудыратын білім беру үлгісінің бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны