23.01.2013, 12:55 3251

2013 жылы Алматыда жер үсті және жер асты жүргінші жолдары салынады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала басшысының тапсыруы бойынша 2012 жылы Алматыда "Жаяу жүргінші жолы" бағдарламасы жасалған болатын.

Алматы. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты өткен жиында Ахметжан Есімов биыл салынатын жер үсті және жер асты жүргінші жолдарының тізімін мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала басшысының тапсыруы бойынша 2012 жылы Алматыда "Жаяу жүргінші жолы" бағдарламасы жасалған болатын. Мұндағы мақсат - жол қауіпсіздігі мен жолдың өткізу мүмкіндігін арттыру. Осыған орай, Алматы қаласының Автомобиль жолдары басқармасы мен Жол полициясы басқармасы, Көлік және коммуникация ҒЗИ-ы бірігіп жүргінші жолдары салынатын жерлерді анықтады. Осы бағдарлама аясында 2012 жылы 16 жүргінші жолының құрылысы басталып, оның 7-і пайдалануға берілген болатын. Қалған тоғызы үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында іске қосылады.

Ал, 2013 жылы 16 жүргінші жолы мына жерлерде салынады:

1.Райымбек даңғылы - Саин көшесінің батысы

2.Райымбек - Яссауи көшесі

3.Рысқұлов даңғылы - Қазыбаев көшесінің шығысы

4.Рысқұлов - Тоқтаров көшесі (Зеленстрой)

5.Рысқұлов - Қазыбаев көшесі

6.Солтүстік айналым - "Дорожник" ықшам ауданы

7.Райымбек - Розыбақиев көшесінің шығысы

8.Райымбек - Розыбақиев көшесінің батысы

9.Райымбек - Курильская көшесінің шығысы

10.Ил-Фараби - "Бағанашыл"

11.Шаляпин - Мақатаев ( "Қалқаман-3", №176 мектеп)

12.Райымбек - 7-ші қалалық аурухана

13.Саин - Маречек көшесінің солтүстігі

14.Саин - Ұлықбек көшесінің оңтүстігі

15.Саин - Ұлықбек көшесінің солтүстігі

16.Райымбек- "Алғабас" ықшам ауданы

Биыл тағы да 16 жүргінші жолының жобасы жасалды, олардың құрылысы 2014 жылға жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны