29.08.2012, 17:23 3377

2013 жылы балалар бақшаларын салуға 5,2 млрд теңге бөлінеді

"Білім беруді дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 269 млрд теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде 2013 жылы - 91,1 млрд теңге", - деді Б.Жәмшиев ҚР Үкіметінің отырысында.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - 2013 жылы балалар бақшаларын салуға 5,2 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Білім беруді дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 269 млрд теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде 2013 жылы - 91,1 млрд теңге", - деді Б.Жәмшиев ҚР Үкіметінің отырысында.

Педагогика қызметкерлерінің еңбек ақысы жүйесін жетілдіруге жұмсалатын шығын 15,9 млрд теңгені, мектептер мен КжТО ұйымдарында электрондық оқытуды (e-learning) енгізу - 15,3 млрд теңгені, сондай-ақ мектеп құрылысына жұмсалатын шығын 36,6 млрд теңгені құрайды.

"Қазақстанның ЖОО, оның ішінде "Назарбаев Университетінде", сондай-ақ шетелдік ЖОО жоғары білікті маман даярлауға жұмсалатын шығын - 119,8 млрд теңге", - деп атап айтты ҚР Қаржы министрлігінің басшысы.

Жалпы, 2013-2015 жылдары білім беру мен ғылымға жұмсалатын шығын 1 252,1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2013 жылы - 411,6 млрд теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны