18.03.2013, 14:50 3401

2013 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есеп беру кездесулері өтті

"Ағымдағы жылы 8,5 мың кездесу өткізілді. 1 млн. астам адам қатысқан ол кездесулерде халық тарапынан 24 мыңнан астам сауал қойылды. Және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Президенті Икімшілігі бұл кездесулерге талдау жүргізді", - деді Ғ.Ибдірахымов.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - 2013 жылы республикамызда барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен 8,5 мың есеп беру кездесуі өтті, оларға 1 млн. астам азамат қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Ибдірахымов бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Ағымдағы жылы 8,5 мың кездесу өткізілді. 1 млн. астам адам қатысқан ол кездесулерде халық тарапынан 24 мыңнан астам сауал қойылды. Және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Президенті Икімшілігі бұл кездесулерге талдау жүргізді", - деді Ғ.Ибдірахымов.

Оның айтуынша, жалпы алғанда тұрғындар тарапынан әкімдердің есеп беру кездесулеріне деген қызығушылық өсіп отыр. Атап айтқанда, 2007 жылмен салыстырғанда кездесуге қатысушылардың саны 1,5 есеге ұлғайған.

"Талдау көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын газ тарту, сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, әлеуметтік-мәдениет нысандарын қайта жаңарту мәселелері толғандырса, қала тұрғындары - қолжетімді баспана, балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамту, инфрақұрылым желілерін жөндеу, қоғамдық көлік қозғалыстарын ұйымдастыру, аулаларды абаттандыру және т.б. мәселелер ойландырады екен", - деп түсіндірді Ғ.Ибдірахымов.

Сонымен қатар, Президент Икімшілігі Басшысының орынбасарының айтуынша, кездесулерге қатысқан халық жергілікті әкімдіктердің құзырларына кірмейтін және орталық органдар мен ұлттық компаниялардың қарауындағы мәселелер бойынша көп сауалдар қойған. Атап айтқанда, электр энергиясы, газ тарту, интернетті қамтамасыз ету және т.б. мәселелер бар.

Азаматтарды жұмыспен қамту проблемасы өңірлердегі ең өзекті мәселенің бірі болып қалуда. Талдау көрсетіп отырғандай, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар барлық дерлік қалалар мен аудандарды қамтымай отыр.

"Жүргізілген талдаулардың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма берді. Атап айтқанда, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, әкімдердің есеп беру кездесулеріне орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың мүшелерін тартуды, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар деңгейінде шешімді талап ететін ұсыныстар мен мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлеуді міндеттеді", - деп хабарлады Ғабидолла Ибдірахымов.

Оған қоса, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған ҮИИД, "Бизнестің жол картасы-2020", "Жұмыспен қамту-2020" сияқты мемлекеттік бағдарламаларды және "ҚазАгро" инвестициялық жобаларын іске асырудың нәтижелігін арттыру ға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жетілдіру және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына деген қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында есеп беру кездесулерінің форматына және олардың өткізілу мерзіміне өзгертулер енгізу жоспарлануда.

Атап айтқанда, ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулерін ең кем дегенде тоқсан сайын, аудан және қала әкімдерінің кездесулерін жылына екі реттен өткізу жоспарлануда.

"Аталған тапсырмалардың іске асырылуын бақылауды Мемлекет басшысы Президент Икімшілігіне жүктеді", - деп түйіндеді өз сөзін Ғабидолла Ибдірахымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны