14.01.2014, 19:08 1929

2013 жылы қазақстандық фильмдер әртүрлі дәрежедегі 30 наградаға ие болды

2013 жылы қазақстандық фильмдер 30 наградаға ие болды. Олар Европа, Азия, Африка, Австралияның халықаралық кинофестивальдерінде әртүрлі деңгейдегі наградаларға ие болды, деп ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы қазақстандық фильмдер 30 наградаға ие болды. Олар Европа, Азия, Африка, Австралияның халықаралық кинофестивальдерінде әртүрлі деңгейдегі наградаларға ие болды, деп ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2013 жылы қазақстандық кино күндері әлемнің 6 елінде өтті: Италия, КХР, Германия, Канада, Австрия, Беларусь. 2013 жылы қазақстандық фильмдер 28 ауқымды кинофестивальдерге қатысты, сондай-ақ, "А" сыныбының 11 халықаралық кинобағдарламасына қатысты", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 2013 жылы "Қазақфильм" АҚ 37 ұлттық фильм өндірді, 26 фильм жоспарлап, іс жүзінде 29 фильм түсірілді.

Жыл басынан бері 6 фильм прокатқа шықты, оның ішінде "Елбасы жолы" да бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны