31.01.2014, 18:31 12397

2013 жылы Қызылорда облысының 4 мыңға жуық жұбы АХАЖ-дың электрондық қызметіне жүгінген

Статистика бойынша, өткен жылы қызылордалықтардан неке қиюға 3819 электронды өтініш түскен. Ал, некені бұзу туралы 37 электронды өтініш келіп түсті.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Қызылорда облысында 3819 жұп АХАЖ қызметін электронды түрде пайдаланды.

"Қызылорда облысында АХАЖ қызметін көрсететін электронды ақпараттық жүйе іске қосылған. Осының арқасында Қызылорда қаласының тұрғындары қызметті электронды түрде пайдалануға көшкен. Яғни, оларға Қазақстанның кез-келген түкпірінен неке қию туралы өтінішті электронды түрде жіберуге мүмкіндік берілді", - деп облыстың әділет департаментінен хабарлады.

Статистика бойынша, өткен жылы қызылордалықтардан неке қиюға 3819 электронды өтініш түскен. Ал, некені бұзу туралы 37 электронды өтініш келіп түсті.

Сонымен қатар, тұрғындардың сұранысы бойынша 214 анықтама берілсе, жергілікіті жұрт жеке құжат алу үшін 88 рет өтініш жіберген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны