06.06.2012, 16:09 2850

2013 жылы Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру мерзімі екі есеге дейін қысқарады - баспас-з баяны

Атап айтқанда, жеке куәлік пен СТН, ЖК немесе заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлік т.б. құжаттардың көшірмелері талап етілмейді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара ведомствоаралық ықпалдасуына орай, қажет құжаттар қолжетімді болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды құжатын қазақстандықтар 30 күннің ішінде алып келсе, бұл жүйе автоматтандырылғаннан кейін оны небәрі 15 күннің ішінде алатын болады. Бұдан өзге, мемлекеттік деректер қорында бар ақпараттар бойынша бірқатар анықтамалар мен куәліктерді ұсынудың қажеті болмайды.

Атап айтқанда, жеке куәлік пен СТН, ЖК немесе заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлік т.б. құжаттардың көшірмелері талап етілмейді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара ведомствоаралық ықпалдасуына орай, қажет құжаттар қолжетімді болады.

Бұдан өзге, лицензияның көптеген түрлері мен рұқсаттамалар үшін құжаттардың скан көшірмелерін тапсырудың қажеті болмайды. Оның орнына өтінім беруші "www.elicense.kz" порталында көрсетілген тиісті мәліметтер үлгісін толтырса жеткілікті. Порталды қолданушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қою арқылы өзі туралы және өзге де мәліметтерін растайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны