28.01.2014, 19:53 10642

2013 жылы ШҚО-да дене шынықтыру мен спортты дамытуға 12 млрд теңге жұмсалды

2013 жылы ШҚО-да дене шынықтыру мен спортты дамытуға 12 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды облыстың ақпарттық орталығы.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы ШҚО-да дене шынықтыру мен спортты дамытуға 12 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды облыстың ақпарттық орталығы.

"2013 жылы республикалық бюджеттен Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру мен спортты дамытуға 496 млн теңге, облыстық бюджеттен 3,6 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 8 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция салынды", - дейді облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Ибіл Донбаев.

2013 жылы өңірде түрлі деңгейде 4 мыңдай спорттық-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Футбол мерейтойы аясында 112 алаң салынып, "Спартак" пен "Восток" стадиондары, және тағы да бірқатар стадиондар жөнделді.

Донбаевтың айтуынша, 88 спорт түрін дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, Қазақстанның ұлттық құрамасына ШҚО-нан 1000-нан астам спортшы кіреді. Өткен маусымда облыс құрамасы 571 медаль ұтып алса, соның 217-сі алтын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны