28.01.2013, 16:15 3550

2013 жылы ҰБТ сұрақтарының үштен бірі жаңартылады

Биыл Ұлттық бірыңға тестілеу сұрақтараның 30-36% жаңартылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаевтың кезекті брифингі кезінде.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - 2013 жылы ҰБТ сұрақтарының үштен бірі жаңартылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биыл Ұлттық бірыңға тестілеу сұрақтараның 30-36% жаңартылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаевтың кезекті брифингі кезінде.

"Тестік тапсырмалардағы барлық сұрақтардың 30-36% толығымен жаңартылды. Біз балалардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамыту үшін логикалық сипаттағы сұрақтарға баса назар аудардық, сондықтан биылғы жылы осындай мазмұндағы сұрақтар молдау болады", - деді Б.Жұмағулов.

Сонымен қатар ол ҰБТ өткізу түрі өзгермейтінін, былтырғы сияқты тестілеудің 154 тармағы бойынша жүргізілетінін жеткізді.

Білім беру ведомствосының ақпарына қарағанда, 2015 жылдан бастап ҰБТ 2 кезеңге бөленеді: Ұлттық тестілеу формасындағы мектеп бітіру емтихандары және түлектердің кешенді тестілеуі түріндегі ЖОО түсу емтихандары. 2013-2014 жылдары ілкі режімде ҰБТ блокқа бөлу жөніндегі сынақ жасалмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны