31.01.2013, 12:10 6424

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда орта мектептерді жан басы бойынша қаржыландыру жүйесі енгізіледі

2014 жылдан бастап Қазақстанның орта мектептеріне жан басы бойынша қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан ведомствоның алқа мәжілісінде.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда орта мектептерді жан басы бойынша қаржыландыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2014 жылдан бастап Қазақстанның орта мектептеріне жан басы бойынша қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан ведомствоның алқа мәжілісінде.

"Біз бәрін егжей-тегжей есептеп шықтық, және ағымдағы жылы ілкі жобаны іске қосамыз. Бұл жобаның қалай жұмыс істейтіні педагогтарға байланысты, бәрі сәтті болса, 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа жүйе кең қолданысқа енгізіледі", деді Б.Жұмағұлов.

Министрдің айтуынша, орта мектеп аталмыш жүйемен қамтылған жалғыз деңгей болы табылады.

"Бұл заманның талабы. Мұндай жүйені іске қосу өңірлер бойынша білімнің жоғары және тең сапалығына, қаржылардың ашық және тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді", деген сенімде министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны