13.05.2014, 20:48 2577

2014 жылдың 3 айы ішінде Қазақстанда 14 мыңға тарта адамның жүрегіне ота жасалды - ДСМ

Еліміздің медициналық ұйымдарында ағымдағы жылдың 3 айы ішінде 13752 кардиохирургиялық операция жасалды, оның ішінде 2558 отаны дәрігерлер ашық жүрекке жасаған.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Еліміздің медициналық ұйымдарында ағымдағы жылдың 3 айы ішінде 13752 кардиохирургиялық операция жасалды, оның ішінде 2558 отаны дәрігерлер ашық жүрекке жасаған.

Жоғары технологиялық медициналық көмектің мұндай түрі республика өңірлерінде белсенді түрде дами бастады. Айталық, ашық жүрекке атқарылған барлық операциялардың жартысынан астамы (54%) өңірлік клиникалардың үлесіне тиеді, деп Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Аталған мерзім ішінде туа біткен жүрек ақауы бар балаларға мұндай 562 күрделі операция жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны