23.01.2015, 21:25 3985

2014 жылдыӊ жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратураныӊ алқа мәжілісі туралы

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтыӊ төрағалығымен Бас прокуратураныӊ кеӊейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жылдыӊ жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеӊге арналған басымдықтар айқындалды. Мәжіліске Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы Нұрлан Ермекбаев және Президент Икімшілігініӊ Құқық қорғау жүйесі бөлімініӊ меӊгерушісі Ерлік Кененбаев, Бас прокуратураныӊ жанындағы Қоғамдық кеӊестіӊ мүшелері және Парламент депутаттары қатысты

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтыӊ төрағалығымен Бас прокуратураныӊ кеӊейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жылдыӊ жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеӊге арналған басымдықтар айқындалды. Мәжіліске Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы Нұрлан Ермекбаев және Президент Икімшілігініӊ Құқық қорғау жүйесі бөлімініӊ меӊгерушісі Ерлік Кененбаев, Бас прокуратураныӊ жанындағы Қоғамдық кеӊестіӊ мүшелері және Парламент депутаттары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бас Прокурор атап өткендей, прокуратура органдары үшін өткен жыл Мемлекет басшысыныӊ жаӊа қылмыстық-процестік заӊнаманыӊ іске қосылуына орай құқықтық жүйеніӊ тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өтті. Биылғы жылдан бастап құқық қорғау органдары қылмыстық сот өндірісініӊ жаӊа моделі аясында жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, прокурорлардыӊ бар күш-жігері еліміздегі заӊдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азамттардыӊ, кәсіпкерлердіӊ және мемлекеттіӊ құқықтары мен бостандықтарын, заӊды тұлғалардыӊ мүдделерін қорғау, мемлекеттік бюджетті толықтыру, сыбайлас жемқорлық және экстремизм көріністеріне тосқауыл қою проблемаларына шоғырландырылды. Жалпы алғанда, прокуратура органдары алға қойылған міндеттерді жемісті түрде жүзеге асырды.

2014 жылы елдегі қылмыстық ахуалдыӊ жақсарғаны байқалды - қылмыс жасау 5,2 пайызға, яғни, 359 мыӊнан 341 мыӊға дейін азайды. Аса ауыр қылмыстар 18,2 пайызға, ауыр қылмыстар 17,4 пайызға азайды. Оныӊ ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, бопсалау, бұзақылықтар саны едәуір кеміген. Көше қылмыстары азайып, алкогольдік ішімдік ішіп және есірткі қолданып жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны төмендеген.

Илеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 395 мыӊ заӊ бұзушылықты анықтап, оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдады. 16 мыӊға жуық заӊсыз құқықтық актініӊ күші жойылды. 746 мыӊнан астам азаматтыӊ, оныӊ ішінде 239 мыӊ жасөспірімніӊ құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. 55 мыӊнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. 500 қылмыстық іс қозғалды.

Азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын қамтамасыз ету, жалақы бойынша қарыздарды азайту жөніндегі жүйелі жұмыстар атқарылар істердіӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып қала бермекші. Былтырғы жылы 134 мыӊ жұмысшыныӊ пайдасына 5 млрд. теӊгеден астам қаржы өндірілді, оныӊ ішінде 92 проблемалы кәсіпорындардағы сомасы 1 млрд. теӊгеден астам қарыз толығымен өтелді.

Осы ретте 477 млн. теӊге қарыздыӊ өтелуін қамтамасыз етуге күш салған Қарағанды, Қостанай облыстарыныӊ және Алматы қаласы прокуратураларыныӊ жұмыстары ерекше аталып өтілді. Атырау облысыныӊ прокуратурасы аймақта жалақы бойынша ұзақ мерзімдік қарыздыӊ мүлде болмауын қамтамасыз ете алды.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау бойынша белсенді жұмыс атқарылды.

Прокуратураныӊ алып-сатарлыққа тосқауыл қою жөніндегі шараларыныӊ арқасында жалпы құны 980 млрд. теӊгеден астам жер телімдерін мемлекетке қайтаруға қол жеткізілді. Мысалы, камералдық талдау жасау арқылы Астана қаласыныӊ прокуратурасы кадастрлық құны 575,7 млрд. теӊгені құрайтын пайдаланылмай жатқан 255 жер телімін анықтаған, олардыӊ ішінде 2,7 мыӊ гектар жер бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылды.

Есепті кезеӊ ішінде прокурорлардыӊ араласуымен заӊсыз ұсталған мыӊ жарымнан астам адам босатылған, 930 адамға қатысты заӊсыз жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған.

Құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидасын қамтамасыз ету жұмыстарыныӊ нәтижесінде өткен жылы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтардыӊ саны 12,5 пайызға, яғни, 3 млн. 699 мыӊға артты. 60 млрд. теӊгеден астам әкімшілік айыппұлдар өндіріліп алынды. Айыппұлдарды өндіріп алу сомасы тұӊғыш рет 60 пайызға жетті, ал осыған дейінгі 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 30 пайыздан аспаған болатын.

Кәсіпкерлікті жаппай қолдау, заӊсыз тексерістерге тосқауыл қою жөніндегі Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Прокурорлар 10 мыӊ бизнес субъектілерініӊ құқықтарын қорғады, мемлекеттік органдардыӊ 880 лауазымды қызметкері түрлі жауапкершілікке тартылды. Бизнесті тексеруге жарияланған мораторий тексерістердіӊ жалпы саныныӊ 67 пайызға азаюына септігін тигізді. Ирбір прокуратурада жұмыс жасайтын мобильдік топтар кәсіпкерлердіӊ құқықтары бұзылуыныӊ 750 фактісініӊ жолын кесті.

Мемлекеттіӊ экономикалық мүдделерін қорғау мәселелері ерекше бақылауда болды. Мемлекет бюджетіне 74 млрд. теӊгеден астам қаржы өндіріліп алынды, бұл алдыӊғы жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артық (2013 жылы 38,4 млрд.). Қызылорда облысыныӊ прокуратурасы "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлік қоғамынан қоршаған ортаға нормадан тыс зиянды заттар шығарғаны үшін 17 млрд. теӊге салық төлемдерін өндіріп алған.

Мемлекеттік сатып алу саласында белсенді жүргізілген профилактикалық жұмыстардыӊ нәтижесінде прокурорлар ел бюджетіне 1,4 млрд. теӊгеден астам қаржыны өндіріп алды, 2,8 мыӊнан астам лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Енгізген актілері арқылы заӊсыз 140 конкурстыӊ күшін жойып, мемлекеттіӊ экономикалық мүддесіне келер 25 млрд. теӊгеден астам шығынныӊ алдын алған Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарыныӊ прокуратуралары және Бас көлік прокуратурасыныӊ жұмыстарын Бас Прокурор атап өтті.

Соттар бюджет алдындағы жалпы қарыздары 37 млрд. теӊгені құрайтын жалған кәсіпорындардыӊ мемлекеттік тіркеуініӊ күшін жою туралы прокурорлардыӊ берген 307 талап-арыздарын қанағаттандырды. Аталған соманы жалған кәсіпорындардыӊ контрагенттерінен өндіріп алу шаралары қабылданды.

Діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою жұмыстары аясында 100 мыӊнан астам интернет-ресурстарға мониторинг жасалды. Прокурорлардыӊ және уәкілетті органдардыӊ арыздары бойынша соттар 703 интернет-ресурстыӊ өнімдерін заӊсыз деп таныды.

Өткен жылы прокуратураға 294 мыӊнан астам азаматтар мен заӊды тұлғалар шағымданды, олардыӊ ішінде 48 мыӊнан астамы - жеке қабылдауда болды. Ирбір өтініш бойынша тексеріс жүргізіліп, азаматтардыӊ құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 25 мыӊнан астам азаматтыӊ құқықтары қалпына келтірілді.

Прокурорлардыӊ наразылығы бойынша 1405 адамға қатысты 1873 азаматтық және әкімшілік істер бойынша шыққан сот актілеріне қатысты үкімдер заӊға сәйкестендірілді. Прокурорлардыӊ араласуынан кейін мемлекет кірісіне 20,6 млрд. теӊге, азаматтар мен заӊды тұлғалардыӊ пайдасына 3,7 млрд. теӊгеден астам, соныӊ ішінде жалақы бойынша 1,1 млрд. теӊгеден астам қарыздарды өндіріп алу туралы сот шешімдері орындалды.

Алқа жұмысыныӊ қорытындысы бойынша Бас Прокурор жұмыстағы олқылықтар мен кемшіліктерді атап көрсетіп, қадағалау қызметініӊ тиімділігін одан әрі арттыру бойынша кезек күттірмес ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар қабылдауды тапсырды.

Қылмыстық іс жүргізудіӊ жаӊа үлгісініӊ іске қосылуы кезеӊіне құқық қорғау органдарыныӊ барынша тиімді бейімделуін қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндет ретінде белгіленді. Тапсырмалардыӊ уақтылы жүзеге асырылуы үшін облыс прокурорларына дербес жауапкершілік жүктелді.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтыӊ осал санатыныӊ әлеуметтік кепілдіктерін, кәсіпкерлердіӊ құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті және құқық бұзушылықтыӊ профилактикасын, азаматтардыӊ өтініштерініӊ сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету тәрізді міндеттер атқарылатын жұмыстыӊ келесі бір басым бөлігі болып қала бермек.

"Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Стратегиясын жүзеге асыруға қадағалауды күшейту, экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудіӊ маӊыздылығына ерекше назар аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру, экстремизм мен терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа тосқауыл қою, жедел-іздестіру қызметі, атқарушылық өндіріс саласында заӊдылықты қамтамасыз ету, халықаралық құқықтық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселелері де қадағалаудыӊ өзекті бағыттары ретінде белгіленді.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны