19.02.2015, 12:17 4092

2014 жылы 40 әскери қызметші мемлекеттік сыйлықтарға ие болды

Өткен жылы ҚР Қарулы Күштерініӊ 40 әскери қызметшісі мемлекеттік сыйлықтарға ие болды. Оныӊ ішінде 15-сі орденмен, ал 25-і медальдармен марапатталды

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылы ҚР Қарулы Күштерініӊ 40 әскери қызметшісі мемлекеттік сыйлықтарға ие болды. Оныӊ ішінде 15-сі орденмен, ал 25-і медальдармен марапатталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Солардыӊ бірі 35804 әскери бөлімініӊ 2-ші сыныпты сержанты Ержан Садықов. Ол Семей қаласы коммуналдық қызметініӊ канализация люгына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында газбен уланған екі қызметшіні құтқарды.Ержан зардап шеккендерді люктан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жасаған батырлығын естіп, бөлім басшылығы аталған әскери қызметшіні мемлекеттік наградаға ұсынды. Өйкені Ержан сияқты әскери қызметшілер қазақстан армиясыныӊ мақтанышы болып табылады. Ол көрсеткен ержүректілік пен қайсарлық елеусіз қалмауға тиіс.

Мемлекеттік сыйлықтар әскери қызметте көрсеткен елеулі ерліктері, жауынгерлік даярлықтарында жоғары көрсеткіштері үшін берілетіндігін айта кеткен жөн. Бұл ретте де өзіндік критерийлер бар. Мысалы, "Ерлігі үшін" медалі төтенше жағдайларда (өрт, табиғи апат және т.б.), қылмыспен күресте адам өмірін құтқару барысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны