10.02.2015, 19:59 4547

2014 жылы 850-ден астам қазақстандық дәрігер онкология мәселелері бойынша оқытылды

2014 жылы 850-ден астам қазақстандық дәрігер онкологиялық аурулардыӊ профилактикасы, ерте кезеӊде диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқытылды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - 2014 жылы 850-ден астам қазақстандық дәрігер онкологиялық аурулардыӊ профилактикасы, ерте кезеӊде диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқытылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институтыныӊ мәліметінше, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарыныӊ мамандары, оныӊ ішінде жалпы тәжірибе дәрігерлері, учаскелік терапевтер үшін онкологиялық қырағылықты арттыру және қатерлі ісік ауруларын ерте кезеӊде диагностикалау мәселелері бойынша 2014 жылы 13 көшпелі семинар өткізіліп, 478 адам оқып шықты.

Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру шеӊберінде 2014 жылы 74 маман онкология саласы, оныӊ ішінде балалар онкологиясы және гематология; клиникалық морфология және онкоцитология; жоғары технологиялық сәуле терапиясы, ядролық медицина, радиохирургия және брахитерапия бойынша шетелдерде оқытылды. Қазақстандық дәрігерлер Ресей, Латвия, Беларусь, Германия, Франция, Түркия, Чехия және Үндістан сияқты елдерде жоғары технологияларды игерді.

Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты базасында Ресей, Латвия, Оӊтүстік Корея, Италия, Германия, Нидерланды, Израиль және Чехиядан 18 шетелдік жетекші маман шақырылып, онкологияныӊ өзекті мәселелері бойынша 183 маман біліктілігін көтерді.

Сонымен қатар, 2014 жылы Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты базасында 117 маман онкология, сәулелік диагностика және сәулелік терапия мамандықтары бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны