17.02.2015, 18:03 3683

2014 жылы АҚТВ инфекциясы 29 баладан анықталды

Қазақстанда былтыр 14 жасқа дейінгі 29 балада АҚТВ-инфекциясы анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығыныӊ деректерін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жариялады

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда былтыр 14 жасқа дейінгі 29 балада АҚТВ-инфекциясы анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығыныӊ деректерін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2014 жылы анықталған АИТВ індетін тасымалдаушылардыӊ саны 2 174 (2013 жылы- 1941 тасымалдаушы анықталды), соныӊ ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 29 АҚТВ тасымалдаушылар саны (2013 жылы - 33 тасымалдаушы) анықталды", делінген хабарламада.

2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда эхинококкозбен (6,2 пайызға) ауырғандар саны өскен және диагнозы алғаш рет қойылған бруцеллезбен (6,8 пайызға) ауырғандар саны азайған. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардыӊ саны 163 оқиғаны (2013 жылғы желтоқсанда - 106) құрады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны