06.01.2015, 18:17 4219

2014 жылы Алматыда 40 мыӊнан астам сәби өмірге келді

Алматыда 2014 жылы 40 548 сәби дүниеге келді. Бұл 2013 жылға қарағанда 2 368 балаға артық

Алматы. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда 2014 жылы 40 548 сәби дүниеге келді. Бұл 2013 жылға қарағанда 2 368 балаға артық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала перзентхаларында бала туу көрсеткіші өсіп келеді, 2014 жылы 40 584 нәресте дүние есігін ашқан. Ал 2013 жылы мегаполисте өмірге келген сәбилердіӊ саны 38 216-ны құраған еді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Қала бойынша жақсы үрдіс байқалуда, соӊғы жылдары бала туу көрсеткіші тұрақты өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Мысалы, жаӊа жыл мерекесі күндері 284 бала дүниеге келді, олардыӊ 140-ы ер бала, 144-і қыз. Дәстүр бойынша денсаулық сақтау басқармасы жаӊа туған сәбилер мен олардыӊ анасын құттықтап, сыйлықтар табыс етті", - деп мәлімдеді Алматы денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Жанат Қасымжанова.

Өткен 2014 жыл алматылық дәрігерлер үшін сәтті жыл болды, ақ халаттылар сән және дизайн колледжіндегі жарылыстан зардап шеккен 11 студентті аман алып қалды, сондай-ақ бірегей ота өткізіп, ТМД-да алғаш рет онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған заманауи лазерлік жабдық енгізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны