20.12.2013, 20:47 4693

2014 жылы "Астана Опера" 8 премьера қояды

2015 жылы "Астана Опера" театры "Сан-Карло" театрымен бірлесіп Джакомо Пуччинидің "Турандот" операсын қояды. Осы жылы "Астана Опера" (Қазақстан) және "Сан-Карло" (Неаполь, Италия) театрлары гастрольмен алмасады.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. 2014 жылы "Астана Опера" 8 премьера қояды, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жалпы алғанда 2014 жылы театр сегіз тұсаукесер жасамақшы, соның ішінде балеттен: П. И. Чайковскийдің "Аққулы көл", А. Аданның "Жизель", А. Хачатурянның "Спартак", Ғ. Жұбанованың "Қарагөз" және операдан: Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", Дж. Пуччинидің "Тоска", Дж. Вердидің "Аида", В. Моцарттың "Сиқырлы сырнайы" бар", - делінген хабарламада.

Астана күніне орай "Ла Скала" театрының труппасы "Астана Опера" театрына Людвиг Минкустың "Дон Кихот" балеттік спектаклімен гастрольмен келеді.

2015 жылы "Астана Опера" театры "Сан-Карло" театрымен бірлесіп Джакомо Пуччинидің "Турандот" операсын қояды. Осы жылы "Астана Опера" (Қазақстан) және "Сан-Карло" (Неаполь, Италия) театрлары гастрольмен алмасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны