07.08.2015, 15:22 3676

2014 жылы Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсау 34,2%-ға төмендеді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстандағы балалардыӊ өзіне өзі қол жұмсау және оларға қатысты зорлық-зомбылықтыӊ алдын алу туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСИДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорыныӊ орынбасары Айгүл Тастанова хабарлады

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстандағы балалардыӊ өзіне өзі қол жұмсау және оларға қатысты зорлық-зомбылықтыӊ алдын алу туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСИДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорыныӊ орынбасары Айгүл Тастанова хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, 2013 жылы Қазақстанда 3506 өзіне өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелсе, оныӊ ішінде 292-сі кәмелет жасына толмағандар арасында болды. 2014 жылы бұл көрсеткіштер 3124 және сәйкесінше 192 санын құрады.

"Мемлекеттік органдар қабылдаған шараларыныӊ нәтижесінде өзіне өзі қол жұмсаудыӊ азаюы 10,9%-ды құраса, кәмелет жасына толмағандар арасында 34,2%-ға кеміді", - деп атап өтті Айгүл Тастанова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы директорыныӊ ғылыми және клиникалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Николай Негай өзіне өзі қол жұмсаудыӊ алдын алу бағдарламаларын жүзеге асырудыӊ екі негізгі кезеӊіне тоқталды.

Біріншісі - қоғамда өзіне өзі қол жұмсау және психикалық денсаулық туралы орын алған бұрыс пікірлердіӊ тамыр жаюы. Өзіне өзі қол жұмсау мәселелері мен әрекеттері және психикалық денсаулық мәселелерініӊ айналасында көптеген қалыптасқан аӊыздар мен теріс түсініктер бар.

Екіншісі - халықты, қоғамды дұрыс ақпараттандыру қажеттілігі және бірінші кезекте жасөспірімдердіӊ және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандардыӊ кәмелет жасына толмағандардыӊ психикалық денсаулығын нығайту және дамытудыӊ маӊыздылығы жайлы білімдерін арттыру.

Балалармен жұмыс істейтін мамандар кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердіӊ психикалық денсаулығы олардыӊ физикалық денсаулығы сияқты маӊызды екенін білгені абзал. Олар дағдарысты жеӊуге тиімді көмектесу үшін балалар және жасөспірімдермен жұмыс істей білуі керек. Еӊ әуелі - бұл мектеп қызметкерлері. Илемдегі өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқын алдын алу бағдарламаларыныӊ еӊ сәттісі - мектеп деӊгейіндегі бағдарламалар. Өйткені балалар мектепте көп уақыттарын өткізеді, мұнда олардыӊ тұлғалық қабілеттері дамиды, сонымен қатар, өздеріне таныс жерде өзекті мәселелерді талқылап, психикалық денсаулықты нығайту мақсатында және осал жасөспірімдер тобын ерте анықтауға арналған шараларды мектеп қабырғасында өткізген ыӊғайлы.

Николай Негайдыӊ мәлімдеуінше, 2016 жылы БҰҰ балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қызылорда облысында өзіне өзі қол жұмсаудыӊ алдын-алу бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр. Ол ақпараттық, үйрететін және қауіп-қатер топтарын анықтайтын құрамдас бөліктерден тұрмақ.

Белгілі халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы аймақтық әкімдікпен бірлескен түрде енгізетін кешенді бағдарламасы балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудан сақтауға көмектеседі.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны