06.01.2014, 21:58 3448

2014 жылы Қызылорда облысында жетім балаларға арналған отбасылық түрдегі ауылдың құрылысы жоспарлануда

"Балалар ауылы 10-12 отбасылық үйден құралады. Ир үйде 18 жасқа дейінгі 7-ден 10-ға дейін ұлдар мен қыздар аралас отбасы өмір сүретін болады", - делінген хабарламада.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Қызылорда облысында жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған отбасылық түрдегі ауылдың құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

"Балалар ауылы 10-12 отбасылық үйден құралады. Ир үйде 18 жасқа дейінгі 7-ден 10-ға дейін ұлдар мен қыздар аралас отбасы өмір сүретін болады", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда облыста 1 мыңнан астам жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Солардың 858-і отбасыларда тәрбие алуда. Ал интернаттық ұйымдарда 200 бала қамқорлықта.

Айта кету керек, өңірдегі "Қонақ отбасы" әлеуметтік жобасын іске асырғанның арасында балалар үйінен бала асырап алушы отбасылардың қатары көбейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны