14.01.2014, 19:07 4209

2014 жылы ҚР-да қазақ тілін оқыту орталықтарының желісі ашылады

2014 жылы қазақ тілін оқыту орталықтарының желісі құрылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы қазақ тілін оқыту орталықтарының желісі құрылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылы тілдердің қызмет етуі және дамуы мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды. Тіл құзіреттілігі талаптары дайындалып, қазақ тілін оқыту орталықтары желісін құру жұмыстары басталды. Жоба 2014 жылы іске қосылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазақ тілі оқытылатын тіл мектептерін міндетті аттестациялау өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, бір уақытта азаматтар ҚазТест емтиханын тапсыратын, ал оқытушылар біліктілік аттестациясын тапсыратын сынақ-біліктілік орталықтары ашылады.

2013 жылы елімізде бас-аяғы 85 баспа жобасы іске асырылды. Соның ішінде 36-сы оқу-әдістемелік қосымшалары, 19 балалар кітабы, 20 салалық сөздік пен 10 шығарма.

2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің санын 85%, ал мемлекеттік тілді білетін мектеп бітірушілерін 100%жеткізу жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны