24.12.2014, 15:44 3678

2014 жылы Мәдениет министрлігі діни мазмұндағы 8 мыӊнан астам сайтқа сараптама жасады

Атап айтар болсақ, тек биылғы жылдыӊ өзінде комитет діни мазмұндағы 8 мыӊнан астам сайтқа сараптама жасады. Нәтижесінде 244 сайтқа тиісті талдау шаралары қолға алынып, соныӊ негізінде материалдар аталмыш сайттарды Қазақстан аумағында көрсетпей қою үшін тиісті органдарға бағытталды

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Бүгінде біз діни сипаттағы бұзақы мазмұндағы сайттарды анықтау үшін ғаламтор ресурстарына мониторинг жасап жатырмыз. Атап айтар болсақ, тек биылғы жылдыӊ өзінде комитет діни мазмұндағы 8 мыӊнан астам сайтқа сараптама жасады. Нәтижесінде 244 сайтқа тиісті талдау шаралары қолға алынып, соныӊ негізінде материалдар аталмыш сайттарды Қазақстан аумағында көрсетпей қою үшін тиісті органдарға бағытталды", - дейді Г.Шойкин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, комитет төрағасыныӊ айтуынша, комитет 100-ден астам бейнематериалдарды сараптап, оларға теріс нәтиже шығарылып, ел аумағында таратуға тыйым салынды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны