28.01.2014, 19:40 19295

2014 жылы Мемлекеттік басқару Академиясы сот жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру курсын жаңғыртады

"2013 жылдың соңында біз халықаралық әріптестік бойынша Түркия агенттігімен бірігіп іске асырып жатқан мемлекеттік тілді оқытуды дамыту мен аудару орталығын аштық. Бұл жобаның маңызы соңғы жылдары мемлекттік басқару саласында жинақталған жаңа мағлұматтардың ағылшын, түрік және өзге тілдерден мемлекттік тілге аударуға жол ашуы", - деді Б.Ибдірасілов.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру курсын жаңғыртады, дейді Академия ректоры Болатбек Ибдірасілов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

"Бізде бірнеше бағдарлама жұмыс істейді - магистратура бағдарламасы, докторлық бағдарлама мен қосымша білім алу бағдарламалары. Атап айтар болсақ, олар біліктілік арттыру курстары мен қайта даярлау. 2014 жылы Мемлекеттік басқару Академиясы сот жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру курсын жаңғыртады", - дейді академия ректоры.

Оның айтуынша, Қазақстан қазыларының барлығы 3-4 жыл ішінде Мемлекеттік басқару академиясынан біліктіліктерін арттыратын болады.

"Біздің жұмысымыздың болашағы алда. Өздеріңіз де білесіздер, таяуда ғана Қазақстан қазыларының съезі өтті. Онда Мемлекет басшысы сот жүйесін реформалаудағы басым бағыттардың бірі ретінде судъялық корпусты алуды жетілдіру мәселесінде сот жүйесінің жаңғыртылуын атады. Енді осы бағытта Мемлекттік басқару академиясы қарқынды жұмыстарды қолға алды", - дейді ректор.

Сонымен қатар, академия ректоры аталмыш курстар аясында мемлеттік тілді дамыту мәселесіне тоқталды.

"2013 жылдың соңында біз халықаралық әріптестік бойынша Түркия агенттігімен бірігіп іске асырып жатқан мемлекеттік тілді оқытуды дамыту мен аудару орталығын аштық. Бұл жобаның маңызы соңғы жылдары мемлекттік басқару саласында жинақталған жаңа мағлұматтардың ағылшын, түрік және өзге тілдерден мемлекттік тілге аударуға жол ашуы", - деді Б.Ибдірасілов.

Ректордың айтуынша, бұл өзге елдерден мағлұматтарды салу барысын жеңілдетеді.

"Қазіргі таңда жинақталған мағлұматтар бізге Ресей арқылы келгені анық. Яғни, Ресей де оларды өздерінше аударды десек, біз олардан алған мағлұмат кемінде 3-4 жылда аударылып бітті. Демек біз кешігіп келеміз. Ал қазіргі таңда біз мемлекттік басқару саласында әлемнің ең үздік дүниелерін тікелей ала алатындай мүмкіндікке ие болып отырмыз", - дейді ректор.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекттік басқару Академиясында Мемлекеттік тілді оқыту мен аудару орталығының салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Орталықтың басты мақсаты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару саласындағы әлемнің ең үздік деген монографиялары мен мақалаларын, оқулықтары мен өзге де дүниелерін қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді тануына жағдай жасау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны