16.06.2015, 11:35 2980

2015-2019 жылдарға "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы шеӊберінде SCAT әуекомпаниясы Астана - Қазан жаӊа халықаралық рейсін ашады.

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Астанадан Қазан қаласына бірінші халықаралық рейс 6 шілдеде ұшады және рейс әр дүйсенбі және бейсенбі күндері қолайлы Боинг 737 ұшағымен орындалатын болады. Ұшу уақыты 2 сағат 15 минутты құрайды. Билеттіӊ құны әуежай алымдарын қоспағанда 20 000 теӊгеден бастап. Алматы, Шымкент және Тараз қалаларыныӊ тұрғындары Қазан қаласына ұшуды Астанадағы қолайлы түйісу арқылы жүзеге асыра алады. Осы рейстерге еӊ төмен тарифтер: Шымкент - Қазан 32 000 теӊгеден бастап; Тараз - Қазан 32 000 теӊгеден бастап, Алматы - Қазан 32 000 теӊгеден бастап. Билеттерді www.scat.kz сайтында, сондай-ақ қалаӊыздыӊ әуекассаларында сатып алуға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда SCAT компаниясы тағы бір Астана-Томск халықаралық рейсін орындауды қайта бастағанын еске салайық. Мұндай рейстердіӊ ашылуы уақыты жеткенде хаб-қала болатын біздіӊ астанамыздыӊ көлік инфрақұрылымын дамытады.

Елбасыныӊ жолдауын жүзеге асыру мақсатында құрылған бағдарламаға сәйкес - "Хаб-қалалар макроаймақтардыӊ экономикалық белсенділік орталығы, капиталдыӊ, ресурстардыӊ, алдыӊғы қатарлы технологиялардыӊ және қызметтердіӊ шоғырлану орталығы болады. Хаб-қалалар көші-қон ағынын тарту нүктесі болады және табиғи урбанизацияға мүмкіндік жасайды. Өзге макроаймақ қалалары немесе екінші деӊгейдегі қалалар хаб-қаламен "сәуле" қағидаты бойынша байланысты болады".

Қазан қаласы Ресейдіӊ еӊ ірі экономикалық, саяси, ғылыми, білім және мәдениет орталықтарыныӊ бірі болып табылатыны мәлім. Астана-Қазан жаӊа рейсініӊ көмегімен халықтарымыз жақын бола түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны