10.08.2012, 13:04 7223

2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тест тапсыру екі кезеңде жүргізіледі

"Қазіргі кезде алдағы 12 жылдық білім беруге өтуге байланысты ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу мүмкіндігі қаралуда. Бірінші деңгей - мектепте алған білімдерін тексеру, екінші кезең жоғары оқу орнына түсу үшін тестілеуге арналған. Эксперимент түрінде компьютерлік тестілеу өту жоспарланған", - деп министр Pm.kz порталында бүгін жарияланған сұхбатында атап көрсеткен.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тест тапсыру екі кезеңде жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Білім министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

"Қазіргі кезде алдағы 12 жылдық білім беруге өтуге байланысты ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу мүмкіндігі қаралуда. Бірінші деңгей - мектепте алған білімдерін тексеру, екінші кезең жоғары оқу орнына түсу үшін тестілеуге арналған. Эксперимент түрінде компьютерлік тестілеу өту жоспарланған", - деп министр Pm.kz порталында бүгін жарияланған сұхбатында атап көрсеткен.

Министрдің айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу жөніндегі нобайлы жоба екі кезеңмен 2013 жылы басталады, 2015 жылға қарай ҰБТ-ны компьютерлік тестілеуді кеңінен пайдаланумен толық бөлу көзделуде.

Ашық тестер мен бақылау материалддарының өзге нысандарына өту мәселесі де қаралмақ, сондай-ақ мектеп түлектері қорытынды аттестаттау түрін таңдауу құқығына ие болмақ.

Оның айтуынша, тест сұрақтарының мазмұны өзгереді, логикалық сұрақтар мен оқушының ұтқырлығын талап ететін тапсырмаларға көп көңіл бөлінеді.

2015 жылға қарай министрлік жазбаша тапсырма енгізумен оқушылардың біліктілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тест апсырмалар базасын қалыптастыруды аяқтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны