27.02.2015, 01:39 3597

2015 жылдыӊ 17-24 ақпаны аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 17-24 ақпаны аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 17-24 ақпаны аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеміс-көкөніс өнімдері арасында келесі өзгерістер байқалды:

- Шымкентте жүзім бағасы 11%-ға 450-ден 500 теӊге/кг-ға дейін, Ақтауда 11%-ға 540-тан 600 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 10%-ға 831-ден 911 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;

- Атырауда қияр 14% 380-нен 435 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 14%-ға 502-ден 573 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;

- Астанада тәтті бұрыш бағасы 14%-ға 689-дан 788 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады.

Өнімніӊ қымбаттауына әкелінетін өнім мөлшерініӊ азаюы мен көтерме сауда бағаларыныӊ ұлғаюы әсер етті.

Мандариндер Алматыда 22%-ға 344-тен 270 теӊге/кг-ға дейін және Атырауда 14%-ға 416-дан 359 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнім бағасыныӊ төмендеуіне саудада арзанырақ пәкістандық мандариндер мөлшерініӊ артуы себеп болды.

Сатушылардыӊ көтерме сауда бағасын 12%-ға 425-тен 375 теӊге/кг-ға арзандатуына байланысты Астанада шортан бағасы 10%-ға 500-ден 450 теӊге/кг-ға дейін төмендеді.

Өзге азық-түлік өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ. "Қазагромаркетинг" АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түлік өнімдерініӊ 66 түрі бойынша еліміздіӊ барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін өткізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны