04.08.2015, 18:18 3346

2015 жылдыӊ 4 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне "Қазпочта" АҚ 2 данадан 924 пошта төлем белгілерін сақтауға тапсырды.

Аталған жинақтамалар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР Мәдениет пен спорт министрлігі Ұлттық музейі арасындағы келісімге орай сақталып, көрмеге қойылады

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Аталған жинақтамалар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР Мәдениет пен спорт министрлігі Ұлттық музейі арасындағы келісімге орай сақталып, көрмеге қойылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазпочта" АҚ өкілдері алдағы уақытта Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына, Конституцияныӊ 20 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар шығаратынын хабарлады.

Жинақтама 1992-2014 жылдар аралығында шыққан пошта төлемдерініӊ белгілерінен құралған.

Пошта төлемдерініӊ белгілері - пошталық маркалар мен блоктар, маркаланған конверттер мен уәкілетті органмен енгізілетін басқа да белгілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны