15.05.2015, 11:14 3466

2015 жылдыӊ 5-12 мамыры аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Қарастырылып отырған кезеӊ аралығында еліміздіӊ ешбір өӊірінде ет пен сүт, бакалея өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ.

Астана. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 5-12 мамыры аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарастырылып отырған кезеӊ аралығында еліміздіӊ ешбір өӊірінде ет пен сүт, бакалея өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ.

Жеміс-көкөніс өнімдерініӊ бағасына қатысты төмендегідей өзгерістер тіркелді:

- Қостанайда қияр 11%-ға 450-ден 400 теӊге/кг-ға дейін және Алматыда 11%-ға 378-ден 338 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Қияр бағасыныӊ арзандауына сатылымдағы өнім мөлшерініӊ ұлғаюы мен көтерме сауда бағаларыныӊ Қостанайда 6%-ға 355-тен 335 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 21%-ға 258-ден 203 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;
- Астанада пияз бағасы 14%-ға 118-ден 134 теӊге/кг-ға дейін және Қостанайда 11%-ға 95-тен 105 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Астанада өнім бағасыныӊ ұлғаюына сатылымда биыл өсірілген қымбаттырақ пияздыӊ пайда болуы әсер еткен, көтерме бағалар 100 теӊге/кг деӊгейінде қалған. Қостанайда өнім бағасыныӊ қымбаттауына сатылымдағы өнім мөлшерініӊ азаюы мен сату алдындағы сақтау шығындарыныӊ ұлғаюы себеп болды. Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары 9%-ға 85-тен 93 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;
- Алматыда қырыққабат 10%-ға 150-ден 135 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бағаныӊ арзандауына өнім мөлшерініӊ ұлғаюы мен көтерме сауда бағаларыныӊ 14%-ға 98-ден 84 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;
- Қостанайда сәбіз 11%-ға 95-тен 105 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұған сатылымдағы өнім мөлшерініӊ азаюы мен сатылым алдындағы сақтау шығындарыныӊ ұлғаюы себеп болған. Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары 13%-ға 78-ден 88 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;
- Астанада қызылша 19%-ға 124-тен 147 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұған да сатылымдағы өнім мөлшерініӊ азаюы мен сатылым алдындағы сақтау шығындарыныӊ ұлғаюы себеп болған. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде 8%-ға 97-ден 105 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;
- Астанада мөӊке балық 13%-ға 400-ден 350 теӊге/кг-ға дейін аразандады. Нарықтыӊ арзан (мөлшері кішілеу) балықпен қанығуы өнімніӊ арзандауына себеп болды. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде 11%-ға 280-нен 250 теӊге/кг-ға дейін төмендеді.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны