17.04.2015, 21:56 4023

2015 жылдыӊ 7-14 сәуірі аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Бидай жармасы Астанада 14%-ға 138-ден 158 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне көтерме сауда бағаларыныӊ 30%-ға 50-ден 65 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауы себеп болды.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 7-14 сәуірі аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған мерзім ішінде бакалея өнімдері бағасыныӊ мынадай өзгерісі байқалды:

- арпа жармасы Астанада 14%-ға 133-тен 115 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бағаныӊ төмендеуіне бөлшек саудада қаптан өлшеніп сатылатын өнім көлемініӊ артуы мен көтерме сауда бағаларыныӊ 31%-ға 80-нен 55 теӊге/кг-ға дейін азаюы себеп болды;

- бидай жармасы Астанада 14%-ға 138-ден 158 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне көтерме сауда бағаларыныӊ 30%-ға 50-ден 65 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауы себеп болды.

Ет өнімдері арасында:

- Петропавлда шошқа еті 10%-ға 1000-нан 900 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бағаныӊ түсуіне нарықтыӊ өніммен қанығуы мен көтерме сауда бағасыныӊ 10%-ға 830-дан 750 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды.

Сүт өнімдері бағасыныӊ айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерісі байқалған жоқ.

Жеміс-көкөніс бағалары мынадай өзгерістерге ұшырады:

- жүзім Астанада 11%-ға 831-ден 920 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұған өнімді жеткізу көлемініӊ азаюы себеп болды, көтерме сауда бағасы керісінше бір апта ішінде 5%-ға 670-тен 636 теӊге/кг-ға дейін арзандады;

- қияр Астанада 17%-ға 539-дан 448 теӊге/кг-ға дейін және Петропавлда 17%-ға 480-нен 400 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнімніӊ арзандауына көкөністі жеткізу көлемініӊ артуы мен көтерме сауда бағаларыныӊ Астанада 3%-ға 375-тен 365 теӊге/кг-ға дейін және Петропавлда 25%-ға 400-ден 300 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;

- пияз Өскеменде 15%-ға 114-тен 131 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 13%-ға 106-дан 120 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 11%-ға 111-ден 123 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұл өнім қорыныӊ азаюы мен көкөністі сақтауға кеткен шығынныӊ артуына байланысты орын алған маусымдық баға өсімі болып табылады. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде Өскеменде 19%-ға 108-ден 128 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 15%-ға 85-тен 98 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 17%-ға 63-тен 74 теӊге/кг-ға дейін артты;

- орамжапырақ Ақтөбеде 55%-ға 103-тен 160 теӊге/кг-ға дейін және Павлодарда 10%-ға 100-ден 110 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұл да өнім қорыныӊ азаюы мен көкөністі сақтауға кеткен шығынныӊ артуына байланысты орын алған маусымдық баға өсімі болып табылады. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде Ақтөбеде 38%-ға 87-ден 120 теӊге/кг-ға дейін, Павлодарда 11%-ға 90-нан 100 теӊге/кг-ға дейін артты;

- сәбіз Қарағандыда 13%-ға 96-дан 108 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұл да өнім қорыныӊ азаюы мен көкөністі сақтауға кеткен шығынныӊ артуына байланысты орын алған маусымдық баға өсімі болып табылады. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде 13%-ға 80-нен 90 теӊге/кг-ға дейін артты;

- қызылша Өскеменде 11%-ға 117-ден 130 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұл да өнім қорыныӊ азаюы мен көкөністі сақтауға кеткен шығынныӊ артуына байланысты орын алған маусымдық баға өсімі болып табылады. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде өзгерген жоқ, 100 теӊге/кг деӊгейінде қалды;

- бұрыш Астанада 11%-ға 644-тен 718 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне өнімді жеткізу көлемініӊ азаюы мен көтерме сауда бағасыныӊ 11%-ға 550-ден 611 теӊге/кг-ға дейін артуы себеп болды;

- мандариндер Ақтөбеде 22%-ға 314-тен 383 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне өнімді жеткізу көлемініӊ азаюы мен көтерме сауда бағасыныӊ 20%-ға 250-ден 300 теӊге/кг-ға дейін артуы себеп болды;

Балық өнімдері арасында:

- мөӊке Ақтөбеде 14%-ға 250-ден 285 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне көтерме сауда бағасыныӊ 5%-ға 190-нан 200 теӊге/кг-ға дейін артуы мен балықты аулауға тыйым салу маусымыныӊ басталуы себеп болды;

- сазан Ақтөбеде 13%-ға 425-тен 480 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне көтерме сауда бағасыныӊ 6%-ға 350-ден 370 теӊге/кг-ға дейін артуы мен балықты аулауға тыйым салу маусымыныӊ басталуы себеп болды.

"Қазагромаркетинг" АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түліктіӊ 66 түрі бойынша еліміздіӊ барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны