18.06.2015, 15:41 3629

2015 жылдыӊ басынан бері 36 мыӊнан астам шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға 36 864 рұқсат берілді

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға 36 864 рұқсат берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ ішінде 2038-і бірінші санат (жетекшілер мен олардыӊ орынбасарлары), 6411 - екінші санат (құрылымдық бөлімшелердіӊ жетекшілері) бойынша берілген. ШЖК тартуға рұқсаттыӊ басым көпшілігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша беріліп, тиісінше олар 15 122 және 11 534 адамды құрады. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына 1759 шетел азаматы тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1466 жұмыс беруші бар. Оларда 398 374 Қазақстан азаматы еӊбек етеді, яғни жалпы жұмыскерлері саныныӊ 92,2% құрайды.

Еӊбек мигранттары шығатын негізгі елдер - Қытай, Түркия, Өзбекстан, Сербия және Үндістан.

Ағымдағы жылдыӊ басынан бері ШЖК тартатын жұмыс берушілер қазақстандықтар үшін 11 083 жұмыс орнын ашып, 3279 азамат кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтті, 5298 жергілікті жұмысшы біліктілігін арттырды.

Еске сала кетейік, ішкі еӊбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп отырады.

2015 жылы ШЖК тартуға бекітілген квота көлемі республиканыӊ экономикалық белсенді тұрғындарыныӊ жалпы саныныӊ 0,7% (шамамен 63,9 мыӊ адам) құрады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны