06.12.2010, 14:52 3952

2015 жылға дейін Қазақстанның барлық аймақтары сандық телеарнамен қамтылады

2015 жылға дейін Қазақстанның барлық аймақтары сандық телеарнамен қамтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту тақырыбында өткен Үкімет сағатында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 6 - желтоқсан. Kazakhstan Today - 2015 жылға дейін Қазақстанның барлық аймақтары сандық телеарнамен қамтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту тақырыбында өткен Үкімет сағатында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сандық телеарнаға қатысты мәселеге келетін болсақ, жалпы техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады А. Жұмағалиев.

"Бүгінгі күні республика аумағын мемлекеттік телерадиохабарымен қамту 65 пайызға жуық қана болып отыр. Мемлекет халқының жартысы тек 4 телеарнаны ғана көре алады. 220 шетелдік телеарналар Қазақстанда спутник байланысы және кабельдік желілер арқылы көрсетілуде.

Ал жалпы отандық телеарналар саны 52 ғана. Сондықтан да, Парламентте жатқан заң жобасымен "Байланыс туралы" заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Соған сәйкес, спутниктік байланыс арқылы отандық телеарналардың барлығын ел аумағына толық таратамыз деген үміт бар", - деді А. Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, сандық телеарна кезеңдері бойынша келесі жылы Қарағанды облысы ілкі аймақ ретінде таңдалынып отыр. Ал 2012 жылы Алматы, Астана қалалары, 2013-2015 жылдары бүкіл республика аймақтары сандық телеарнамен қамтылады. "Осы мақсатта ескі жабдықтарды заманауи технологиялық жаңа техникамен ауыстыратын боламыз", деді ведомство басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны