16.05.2013, 13:23 8808

2015 жылға дейін ҚАЖ санитарлық-эпидемиологиялық қызметі Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруына беріледі

Қазақстанда 2015 жылға дейін қылмыстық-атқарушы жүйенің (ҚАЖ) санитарлық-эпидемиологиялық қызметі Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруына беру жоспарлануда, деп хабарлады бүгін Елдік үйлестіру кеңесінің отырысында Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының директоры Тілеухан Ибілдаев.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылға дейін ҚАЖ санитарлық-эпидемиологиялық қызметі Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруына беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2015 жылға дейін қылмыстық-атқарушы жүйенің (ҚАЖ) санитарлық-эпидемиологиялық қызметі Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруына беру жоспарлануда, деп хабарлады бүгін Елдік үйлестіру кеңесінің отырысында Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының директоры Тілеухан Ибілдаев.

"Қазір 2015 жылға қарай ҚАЖК жүйесінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруына беру үдерісін аяқтау жоспарланды. Мұндай жұмыс пенитенциялық жүйенің басқа да секторлары бойынша жалғасады", - деді Т.Ибілдаев.

Сонымен қатар, ол аталған тапсырудың жағымды әсері мониторингтің, шаралар қолдану үшін алынған мәліметтердің уақыттылығының, басқа да жұқпалы аурулармен байланысты эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы болатынын атап өтті.

Оған қоса, науқастың жағдайы бойынша қажеттілікті ескере отырып азаматтық сектордың кеңесшілерін тарту ҚАЖ ұйымдарындағы медициналық қызмет жұмысшыларының кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда ІІМ ҚАЖ-дегі дәрігерлермен кадрлық жасақтау 75,8%-ды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны